Шілде айында Қарағандыда Global Сity кешені ашылғанына 5 жыл толады. Осы уақыт ішінде біз біршама жол жүріп өттік және аралық қорытындыларды шығаратын уақыт жетті. Біз бизнес пен тұтынушылар бір-бірімен кездесіп, өзара әрекеттесе алатын кеңістік құру туралы өршіл  идеядан бастаған болатынбыз. Бүгін біз қол жеткізген нәтижелерімізді мақтан тұтамыз.

Біріншіден, біз белгілеген мақсаттарымызға қол жеткіздік және бүгінгі күні: Қазақстанда Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз сауда-логистикалық кластер пайда болғанын айта аламыз. Жоба ұзақ және күрделі болды – он жыл бұрын Қарағандыда салыстырмалы түрде жаңа бағыт-қоймалар мен логистика "орнын табады" деп кім айта алар еді? Міне, 86 гектар жерде жаңа "өсу нүктесі" қанат жайғанын көрсеңіздер болады. Біз жүздеген жұмыс орындарын ашу арқылы, жергілікті бизнес үшін маңызды орталыққа айналдық. Біз жалға алушылар санының ғана емес, сонымен қатар нарықтың жалпы динамикасының артып келе жатқанын байқаймыз.

Маңызды жетістіктер қатарында жергілікті қоғамдастықты дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар мен іс-шараларға белсенді қатысуды атап өтуге болады. Біз қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылуды жалғастырамыз, оларға сауда-саттық пен бос уақытты өткізуге жайлы жағдай жасаймыз.

Біз бұған қалай қол жеткіздік? Бір қарасаң оңай: 3 үлкен қадам - 3 үлкен кезең.

Бірінші қадам: біз даму базасын қалыптастырдық. Екі сауда орталығы, сауда павильондары, ферма орталығы, алғашқы 4 қойма, контейнер алаңы мен теміржол тұйықтары бар жүк терминалы, сондай-ақ УСҚ бар кедендік бақылау аймағы салынды. Қиындыққа толы кезең болды - 2020 және 2021 жылдары COVID-19 пандемиясы өршіп тұрды, дегенмпен де, біз салынған инфрақұрылымды бизнеспен толтыра алдық. Бұл бір жылға созылды.


Global City сауда-логистикалық хабы. 2020 ж.

Содан кейін біз екінші қадамды жасауға шешім қабылдап – 2021 жылы бастадық және бір жылдан сәл астам уақыт ішінде тағы 3 қойма салдық, одан әрі-одан да көп: 2022 жылы бастап, біз 2024 жылы бірден 10 қоймадан тұратын кешенді іске қостық.

news article 20 3

Global City сауда-логистикалық хабы. 2024 ж.

Сонымен қатар жүк терминалының инфрақұрылымы кеңейтілді-үш жаңа тұйық және гидравликалық эстакадасы бар теміржол пандусы салынды. Бұл теміржол арқылы түсетін жүктерді өңдеу көлемін бір мезгілде 102 вагонға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай – ақ, жүк терминалында тағы екі УСҚ-теміржол және автомобиль (оның ішінде, сыртаумақсыз жүктер үшін) жабдықталған.

Жол мұраты жету дегендей, 2023 жылдан бастап біз жаңа құрылысқа қадам басып, 2025 жылдың басында біз тағы 7 қоймаға және екі жаңа теміржол тұйығына кешеннің есігін аштық. Өткенге көз салсақ, бұл жолдағы әрбір қадам маңызды болғанын және біздің дамуымызға ықпал еткенін түсінеміз. Біз жаңа сын-тегеуріндерге дайынбыз және Қарағанды мен өңір тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кешеніміздің қызмет көрсету сапасы мен өткізу қабілетін жақсарту жұмыстарын жалғастырамыз.

news article 20 4

7 қоймасы мен екі жаңа теміржол төсемі бар жаңа кешен. 2025 ж.

Клиентсіз қоймалар тек бос "қораптар" екенін айта кету керек. Міне, біз "негізгі" жалға алушыларымызға алғыс айтқымыз келеді. Бұл Teez - Қазақстандық алғашқы social e-commerce тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейтін маркетплейс; Metso - халықаралық машина жасау концерні; Tengri Tyres-автомобиль шиналарын шығаратын Қазақстандағы алғашқы жаңа зауыт; KASPI - дүкеннің негізгі жеткізушісі болып табылатын ZAMMLER украиналық көлік-логистикалық компаниясы; Apple City Corps сауда компаниясы, P&G ресми дистрибьюторы (Procter & Gamble); Estel (Эстель) - шашқа арналған кәсіби косметиканың ресейлік өндірушісі; Яшкино, "КДВ Групп" бренді-Ресейдің ірі азық-түлік холдингтерінің бірі және т.б.

news article 20 5

Ал қазір біз кешенді одан әрі дамытудың кезекті қадамына дайындық үстіндеміз және алдағы табыстар мен өңіріміздің игілігі үшін бірлескен жұмысты күтеміз.

Global City-сауда және қойма логистикасының ең озық шешімдері!

Қоңырауға тапсырыс беріңіз

Бізбен хабарласу