Компания туралы
Global City бірегей сауда-қойма кешені өз жұмысын қарағандыда 2020 жылы бастады.
Кешен Қарағандының географиялық орталығында орналасқан және Қазақстандағы ең ірі кешендердің бірі болып табылатын 70 га аумақты алып жатыр.
Кешеннің тұжырымдамасы шағыннан бастап ірі бизнеске дейінгі барлық сегменттерде бағытталған қойма, сауда және бизнес инфрақұрылымының логикалық аяқталған және толық кіріктірілуі түрінде болады.
Бұл қызметтің сан алуан бағыттарында бизнес өкілдеріне бизнес-процестерін тиімді оңтайландыруға және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасайды.
Сауда инфрақұрылымы келесі нысандар түрінде ұсынылған:
- Global City сауда-ойын-сауық орталығы;
- Global City Trend сауда-іскерлік орталығы;
- фермерлік орталық;
- сауда павильондары.
Қойма инфрақұрылымы
Global City кешенінің қойма инфрақұрылымы 0 бастап – 24℃ дейін жететін температуралық режимі бар мұздатқыш және көп температуралы камералары бар климаттық қоймадан; 5 деңгейлі сөрелермен жабдықталған құрғақ сақтау қоймаларынан; екі кросс-доктан; фулфилмент-орталықтар немесе қойма-дүкендер ретінде пайдаланылатын көпфункционалды қойма терминалдарынан; бес теміржол тұйығы бар; мосылы кранымен жүк терминалы, т/ж пандусы және гидравликалық эстакадасы; кедендік қоймасы бар кедендік бақылау аймағы; уақытша сақтаудың үш қоймасы және барлық қажетті арту-түсіру техникасы.
Сонымен қатар, Global City сауда-қойма кешені өз алаңдарын шағын бизнес өкілдеріне өндірістік қажеттіліктері бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Наубайханалар, шағын баспаханалар, тігін ательелері, тұрмыстық техниканы жөндеуге арналған ательелер және кез келген басқа шағын өндірісті ұйымдастыруға арналған үй-жайлар жалдау үшін қолжетімді.
Қазіргі таңда кешеннің инфрақұрылымын дамыту жалғасын тауып - жалпы ауданы 38 мың шаршы метр жаңа қойма терминалдарының құрылысы жүріп жатыр.
GLOBAL CITY көпфункционалды сауда-қойма кешені-сауда мен логистиканың озық шешімдері.
Бізбен жұмыстың артықшылықтары
- Қазақстан Республикасының орталығында орналасу.
- Сауда, қойма және іскерлік инфрақұрылымының жинақы орналасуы, бұл шығындар құрылымындағы логистикалық құрамдауышты азайтуға мүмкіндік береді.
- Арнайы техникамен материалдық-техникалық жабдықталу.
- Тауарлардың және бизнес бағыттарының кең тізіміне арналған әртүрлі температуралық режимдегі қоймалардың болуы.
- Кешеннің әртүрлі жағынан орналасқан ыңғайлы теміржол және автомобиль кірме жолдары.
- Жүктерді сақтау және өңдеуге қойылатын қатаң талаптардың сақталуын, санитарлық және температуралық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету.
- Түрлі тауарларды сатуға арналған сауда инфрақұрылымының болуы.
- Шағын-өндірістер ашу мүмкіндігі.
- Салынып жатқан және салынуы жоспарланған қойма терминалдарын жалға алу бойынша алдын ала уағдаластықтардың мүмкіндігі.